$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Ақтөбе облысында шегіртке жайлады

27.05.2025ж. 20:00
138
Ақтөбе облысында шегіртке жайлады

Ақтөбе облысында шегіртке жайлады. Шаруалар зиянкестің үйлеріне дейін жеткенін айтып дабыл қағуда.

Шалқар ауданы Айшуақ ауылының тұрғындарының айтуынша, шегіртке жайпап барады. Мал жайылымын түгел отап, жолындағы жасыл шөп атаулыны жойып кеткен. Олар қанатқа тұрса қауіп тіпті күшейеді дейді. Мамандар биыл көктем жайлы болғандықтан шегіртке әдеттегіден ерте шыққанын айтады. Биыл облыста 700 ден астам арнайы анықтаушы жұмыс істеп жатыр. Биыл облыста 513 мың гектарды шегірткеге қарсы өңдеу жоспарланған. Бүгінде соның 59 мыңы өңделген.

АСЫЛХАН ӘБТИЕВ, ҚР АШМ АӨК МИК АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ:

Техника толық жеткілікті. Шалқар ауданына келетін болсақ, он жер үсті бүркіткіш, 1 аэрозол жұмыс істеп жатыр. Ертең ауданның ұсынысы бойынша бір ұшақ жіберіп жатырмыз.