Астанада биыл әлеуметтік осал топтағы 500 ге жуық отбасы қоныс тойын тойламақ. "AMANAT" партиясының мүшелерімен отбасы банк басшылары бой көтерген тұрғын үйге мониторинг жұмыстарын жүргізді. Олар пандустарды, арнайы жабдықталған кіреберістер мен әжетханалардың жай-күйін ерекше назарға алды. Сондай-ақ мердігер мекемелердің өкілдері құрылыс барысымен таныстырды. Айта кетейік, игі шара "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасы арқылы жүзеге асуда.
МҰХАММЕД БОЛЫСБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Бұл үйге тізімге тұрған адамдардың да саны көп. Міне солардың уақытылы және сапалы үйге кіруі бұл өте маңызды. Біз "AMANAT" партиясы осы кезекте аралау жұмысын жүргізіп сапалы және уақытылы берілгендігін мынау осал топтағы байланысты алғашқы жарналарына сертификаттардың да уақытылы беріліп дұрыс берілуін біз бақылаймыз.