$512.66 €580.59 ₽6.45
×

Шымкенттік жастарға сүт фермада танымдық экскурсия ұйымдастырылды

Шымкенттік жастарға сүт фермада танымдық экскурсия ұйымдастырылды

Жұмысшы мамандықтар жылына» орай шымкенттік белсенді жастар мал шаруашылығымен жақын танысып, ондағы еңбек адамдарының тіршілігіне қанықты. Ордабасы аумағындағы сүт өнімдерін өндіретін ең ірі фермада танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Ерекше шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық «Жастар рухы» жастар қанаты ұйытқы болған. Жастар өндірістегі сұранысқа ие мамандықтармен, жұмыс ерекшеліктерімен және сүт өнімдерінің дайын өнім шыққанға дейінгі процеске куә болды. Фермада 1 500-нан астам сиыр бар. 23 түрлі сүт өнімі шығарылады. Мұнда жұмыстың басым бөлігі автоматтандырылған. Тек қондырғыларды бақылап, басқарып тұру қажет.

БЕКЗАТ ТӨЛЕБАЙ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Басты мақсат – жастар арасындағы осы жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылықты арттыру. Осы салаға, осы мамандыққа қазіргі мектепті бітіріп жатқан жеткіншек жасөспірімдерді көптеп тарту болып табылады.