$512.16 €580.94 ₽6.39
×

Абай облысында 74 жастағы қария із-түзсіз жоғалып кетті

AstanaTV
27.05.2025ж. 21:36
120
Абай облысында 74 жастағы қария із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: Абай облыстық ПД

Абай облысы Мақаншы ауылында жоғалып кеткен қария 1 аптаға жуық уақыт бойы табылмай жатыр.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Мақаншы ауылының тұрғыны Сембай Тұраров 21 мамыр күні жоғалып кеткен. 

— Белгілі болғандай, 74 жастағы қария Жамбыл көшесі, № 23 мекенжайындағы үйінен белгісіз жаққа шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Хабар түсе салысымен полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарына кірісті. Алайда әлі күнге дейін ол табылған жоқ, — делінген ақпаратта.

Осы ретте, тәртіп сақшылары Сембай Тұраровтың қайда екендігі жайлы қандай да бір ақпарат білгендерден Мақаншы аудандық полиция бөліміне, 102 жедел арнасына немесе 8-722-394-12-78 телефон нөміріне хабарласуларын сұрайды.