$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Туған күн кешіне жиналған жасөспірімдерді белгісіз біреу өлтіріп кетті

AstanaTV
28.05.2025ж. 10:27
121
Туған күн кешіне жиналған жасөспірімдерді белгісіз біреу өлтіріп кетті

Иркутск облысының Байкал қаласындағы «Таулы Байкал» бау-бақша серіктестігінде туған күнді атап өткен төрт жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Тергеу мәліметінше, жастар тобы жеке үйде жиналған кезде, белгісіз біреу пышақпен шабуыл жасаған. Соның салдарынан төрт жасөспірім оқиға орнында көз жұмып, тағы төртеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Күдікті шабуылдан кейін үйді өртеп жіберген. Өрт салдарынан ол да қаза болды.