$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Канада азаматы Черчилльдің суретін ұрлаймын деп 2 жылға сотталып кетті

AstanaTV
28.05.2025ж. 13:17
98
Канада азаматы Черчилльдің суретін ұрлаймын деп 2 жылға сотталып кетті

Канадалық Джеффри Вуд атты адам Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилльдің «Ақырған арыстан» («The Roaring Lion») атты әйгілі суретін қонақ үйден ұрлап кеткені үшін екі жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

Вуд сотта 2022 жылдың қаңтарында Оттавадағы Fairmont Château Laurier қонақүйінен түпнұсқа фотосуретті ұрлағанын мойындады. Ол көшірме түпнұсқанының орнына көшірме суретті іліп кеткен.

Фотосуреттің тарихы

1941 жылдың желтоқсанында Черчилль Канаданың парламентінде сөз сөйлеген. Оны фотограф Юсуф Карш суретке түсіріп алған. 2022 жылы тамызда қонақ үй қызметкерлері түпнұсқа портреттің жоғалғанын байқап, іздеу салған. Кейін ол Италияның Генуя қаласындағы коллекционердің үйінен табылды, бірақ сатып алушы суреттің ұрланған зат екенін білмеген. Италья билігі фотосуретті Канадаға қайтарды.

Ұрлықтың себебі мен сот үкімі

Вуд сотта психикалық ауытқуы бар ағасын емдетуге ақша табу үшін ұрлыққа барғанын айтқан. Алайда судья Роберт Уодден оны айыптап, мәдени құндылықтартарды қорғау маңызды екенін айтып өткен.

«Біз бәрі көріп, тамашаласын деп осындай құнды дүниелерді көпшілікке еркін көрсетеміз, өйткені қоғамдық сенім қалыптасқан. Ал оны ұрлау, бүлдіру немесе заңсыз алып кету - сол сенімді аяққа таптау дегенді білдіреді», - деді ол.

Вудтың қорғаушысы бұл шешімнің тым қатал екенін айтып, сотталушының алғаш рет құқық бұзғанын ескеруді сұраған.