$510.81 €578.59 ₽6.51
×

«Италия – Қазақстан» іскерлік форумында 180 млн еуро сомасына 10 меморандум жасалды

AstanaTV
28.05.2025ж. 14:23
221
«Италия – Қазақстан» іскерлік форумында 180 млн еуро сомасына 10 меморандум жасалды

Астанада өткен «Италия – Қазақстан» іскерлік форумында логистика, машина жасау, агропереработка, цифрландыру және «жасыл» энергетика салаларында жалпы сомасы 180 млн еуроны құрайтын 10 меморандум бекітілді.

Форумды ҚР Сауда және интеграция министрлігі ACIK қауымдастығы және екі елдің елшіліктерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Министр Арман Шаққалиев:

«Бүгінгі форум – Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің бастауы. Біз бірлескен өндіріс пен тұрақты экожүйе арқылы сенімді әрі ұзақмерзімді әріптестікке жол ашамыз», — деді.

Сондай-ақ, министр Қазақстанды тек ресурс жеткізуші емес, Еуразияның көлік, өндірістік және технологиялық хабы ретінде дамытуды көздейтінін айтты.