"Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалының басшысы сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Өскемен қаласының № 2 соты "Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалының басшысы С.Станбековке үкім шығарды.
"Ол қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды", - деп жазылған хабарламада.
Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.