$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Шымкентте полицейлер жүргізушіден есірткі тәркіледі

AstanaTV
28.05.2025ж. 17:01
151
Шымкентте полицейлер жүргізушіден есірткі тәркіледі

Полиция қызметкерлері 250 грамм синтетикалық есірткі тасымалдаған ер адамды ұстады.

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыруды жалғастыруда. Халықаралық "Канал" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісін анықтады.

Шымкент қаласында тоқтатылған автокөлікті тексеру барысында жүргізушіден а-PVP есірткі заты салынған орамдар табылып, тәркіленді.

"Тәркіленген заттың жалпы салмағы 250 грамм. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.