$518.81 €596.27 ₽6.63
×

"Сенат тарапынан заңнамалық қолдау көрсетуге және бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз", - М. Әшімбаев

"Сенат тарапынан заңнамалық қолдау көрсетуге және бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз", - М. Әшімбаев

Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық байланыстар дамып келеді. Бұл туралы Сенат Төрағасы Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесуде айтты. Мәулен Әшімбаев Германия Қазақстанның Еуропалық Одақтағы стратегиялық серіктесі екенін жеткізді. Сондай-ақ дипломатиялық қарым-қатынас орнағалы бері екі ел арасында сенімді саяси диалог жолға қойылғанын атап өтті. Кездесу барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастық және парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы достық және өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтуға үнемі баса мән береді. Бұған соңғы үш жылда Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың және Германияның Федералды Канцлері Олаф Шольцтың өзара сапарлары айқын дәлел. Біз Сенат тарапынан заңнамалық қолдау көрсетуге және барлық келісімді тиімді іске асыру жолында бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз.