Енді құны 50 млн теңгеден асатын үйді сатқандарды қаржы агенттігі бақылауға алады. Яғни, қаржылық мониторинг органдарының өкілеттілігі кеңейеді. Енді «Азаматтарға арналған үкімет» қымбат мәмілелер болса, оны бірден хабарлап отыруға міндетті. Ұялы байланыс операторлары да мобильді теңгерімді толықтыру туралы деректерді агенттікке хабарлауы тиіс. Сондай-ақ кейбір операциялар үшін шекті сомма қайта қаралады. Мәселен, мәдени құндылықтарды қолма-қол сатып алу немесе елге әкелу, әкету үшін шек 45 млн теңгеден 1 млн теңгеге дейін төмендейді.
ЖЕҢІС ЕЛЕМЕСОВ, ҚР ҚМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қаржы мониторингі субъектілері клиенттің өз қызметін кірістерді заңдастыру немесе терроризмді қаржыландыру үшін оның ақшамен және өзге де мүлікпен жүргізген операцияларының жиынтығына сәйкес пайдалануы мүмкін екендігі туралы ақпарат жіберетін болады.
Ал Бақытжан Базарбек заң жобасында әлі де түйіткіл көп дейді. Мәселен, Astana Hub, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, «Жасыл даму» акционерлік қоғамы сияқты мекемелерді қаржылық мониторинг бақылауға алмайды. Бұл нормада қарастырылмаған. Мәжіліс депутаттары былығы көп осындай ұйымдардың назардан тыс қалып жатқанына наразы.
БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Astana Hub-та көп былық болып жатыр. Бұл ұйым неге қаржылық мониторинг субъектісіне кірмейді? «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры неге жоқ? Автоломбардтар, «Жасыл даму» акционерлік қоғамы, утильсбор бойынша не үшін ол қаржылық мониторинг субъектісі емес?