Алматы облысындағы ұн өнімдерін өндіру цехының аумағында болған жарылыстан зардап шеккендердің барлығы қаза тапты. Өрттің туындауына тоғыз қабатты екінші элеватор ғимаратының бірінші қабатында орналасқан астық қалдықтарының шаң-тозаңы себеп болуы мүмкін. Өртті сөндіруге атқарушы органдардың 100-ден астам жеке құрамы мен 31 техника бірлігі жұмылдырылған. Дәрігерлердің айтуынша, қайтыс болған қызметкерлердің денесінің 80-90 пайызын күйік шалған. Өкінішке қарай оларды құтқарып қалу мүмкін болмапты.
АЗАМАТ ӘЛҒОЖАЕВ, ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Қабылданған шұғыл шаралардың арқасында өрт 15 сағат 55 минутта толықтай сөндірілді. Оқиғаның себебін анықтау мақсатында Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сынақ зертханасы мен анықтау бөлімінің мамандары оқиға орнына жіберілді.