Атырау облысында атыс болды. 3 адамның жағдайы ауыр. Үшеуі де Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының тұрғындары. Полиция оқ атқан күдіктіні әлі тапқан жоқ. Дереккөздерге сүйенсек, оқиға Сағыз ауылымен шекаралас Ақтөбе облысының Байғанин ауданы аумағында, далалықта болған. Subaru Outback маркалы автокөлігінің ішінде отырғандарға белгісіз адам оқ атқан. Салдарынан 40, 41 жастағы үш тұрғын маңдай , кеуде тұстары, мойын, иық бөлігі жарақатын алған. Ауылда хирург дәрігер болмауына байланысты дереу аудандық ауруханаға жеткізілді. Кейін жағдайы ауыр бір азаматты санавиация желісімен облыс орталығына әкелген.
ДӘУРЕН ШАНАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ХИРУРГИЯ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Огнестрельное дробовое ранение науқаста, грудной клетик, мойын. Қазіргі жағдайы ауыр, тұрақты. Осы жерде емін қабылдап жатыр толықтай. Алынбайды ол оқ. Бірінші реанимацияға тұарқтандырды жағдайын. Сосын отделениеге аударды таңертең. Сағат 9жарымда. Біреуі бұрыннанн атылған адам. Оның оқтары әлі жатыр.
Қалған екі науқасты да бүгін күндіз облыстық ауруханаға ауыстырды. Олардың денесіне бытыра кіріп кеткен. Белгілі болғандай, осыдан 3 жыл бұрын осы үш жігітті атып кетіп, денсаулықтары енді қалпына келген екен. Туыстары қақтығыстың себебін білмей дал. Полиция да ашып ештеңе айтпай отыр. Әзірге күдіктілер іздестіріліп жатқанын хабарлады.
САҒЫЗ АУЫЛЫНЫҢ, ТҰРҒЫНЫ:
Тамақ ішіп алды да, үн-түнсіз шығып кетті. Маған ештеңе айтпай кетіп тұр ғой. Үш жыл бұрын дәл осындай жағдай, дәл сол адамдар. Ешқандай себебін де білмеймін. Білмей тұрмыз ғой. Әйелдеріне ешкім ештеңе айтпайды. Ол әлі тілге келетіндей жағдайда емес. Мен қазір Сағыздамын. Ол кісіні Атырауға алып кетті.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Аталған фактіге қатысты қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайлары анықталатын болады. Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысушыларды анықтау және ұстау үшін кешенді іс-шаралар жүргізілуде.