$518.81 €596.27 ₽6.63
×

Щучинсктегі спорт мектебінде балалар жаппай астан ұшынды

28.05.2025ж. 20:00
84
Щучинсктегі спорт мектебінде балалар жаппай астан ұшынды

Ақмола облысындағы спорт мектебінде балалар жаппай астан ұшынды. Щучинскте орналасқан Уәлиев атындағы "Жақсы №2" спорт мектебінің базасында жатқан жеткіншектер арасында ішек инфекциясы тіркелген. Медициналық көмекке 18 адам жүгінді. Жағдайлары қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта тексеріліп, ем алып жатыр. Оқиғаға қатысты эпидемиологиялық тергеу жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалды.

АЛМАГҮЛ ТҰРСЫМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Бурабай ауданындағы Жақсы 2 спорт мектебінде балалардың жаппай улану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы 1-бөлігі "Санитариялық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық істі тергеу департамент басшылығының бақылауында.