Психология бағытында білімсіз маман мен жалған коуч көбейді. Бұл мәселемен барлық мемлекет айналысып жатыр. "AMANAT" партиясы Әйелдер қанатының қолдауымен өткен халықаралық конференцияда психология саласындағы өзекті тақырыптар талқыланды. Мамандар осы орайда өзге елдермен тәжірибе алмасу аса маңызды екенін айтады.
ШОЛПАН КАРИНОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгінгі өткізіліп жатқан ғылыми-практикалық конференция жылда өтетін боп келісілді халықаралық деңгейде. Бұл маңызды. Өйткені біз халықаралық тәжірибелермен бөлісетін боламыз. Жалпы барлық мемлекет бүгінгі күні психологиялық әл-ауқат мәселелерімен қатты айналысып жатыр. Бұл халыққа көрсетілетін қызмет болғандықтан бұл жерде мемлекеттік реттеу де болу керек, мемлекеттік бақылау да болу керек. Міне, осы мәселелер қаралып жатыр.
Адамның мінезі, әрі жан дүниесімен жұмыс істейтіндіктен психологтың біліктілігі жоғары болуы керек. Ал оның қызметіне жүгінетіндер маманнан білімін растайтын дәлел сұрауы қажет. Салаға кадр даярлайтын оқытушылар осындай талап күшейсе мәселе де азаяды дейді.
ӘЛИЯ МӘМБЕТАЛИНА, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Адамға құлағына жағатын, өзіне адамға ұнайтын ақпаратты бере салады. Біз көмек көрсете аламыз, біз коучпыз, психологиялық өздерінің білімдері болмаған соң, өздері оқу бағдарламаларын бітірмеген соң тек біз коуч, тек бір курстарды бітіріп бір жарты жылдық, сосын адамдарға көмек көрсетеміз деп, мен ондай заттарға қатты сенбейтін адаммын.