$518.81 €596.27 ₽6.63
×

Онлайн құрбандық шалу: арнайы сайт іске қосылды

28.05.2025ж. 20:00
169
Онлайн құрбандық шалу: арнайы сайт іске қосылды

Биыл да онлайн форматта құрбандық шалуға болады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы айтты. Бұл әдіс бірнеше жылдан бері сәтті жүзеге асырып келеді. Былтыр онлайн тапсырыспен шалынған құрбандық еті 136 мыңнан астам адамға берілген. Сонымен қатар Бас мүфти жұртты құрбан айт күні әртүрлі жеке мүддедегі қайырымдылық қорларынан аулақ болуға шақырды. Ал кәсіпкерлерді бағаны негізсіз көтермеуге үндеді. Айта кетейік, құрбан айт мерекесі биыл 6 маусымға сәйкес келеді.

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ БАС МҮФТИІ:

Халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алған. Малдың семізін, жарамдысы мен ең жақсысын құрбандыққа шалып, етін тұрмысы төмен адамдарға тарату, қонақ күтіп, үлкеннің батасын алу, сыйлыққа кәде беру секілді амалдар дәстүрімізде қалыптасқан ізгі құндылықтар.