$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Қостанай облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы сәтті жүзеге асып жатыр

28.05.2025ж. 20:00
112
Қостанай облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы сәтті жүзеге асып жатыр

Тобыл өңірінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 4 мектеп ашылды.Енді екі білім ордасының құрылысы құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Қостанай, Арқалық қаласы мен Заречный кентінде заманауи білім ошақтары ашылып 3 мыңнан астам шәкірт жаңа мектеп табалдырығын аттады.Оқу зертханалары.Физика, химия, биология кабинеттері, робототехника және компьютерлік сыныптар, STEM зертханалар заманауи жабдықталған. Бұл мектепте оқушылардың білім сапасын арттыруға, қабілеттері мен таланттарын ашуға, өскелең ұрпақтың ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамытуға бар жағдай жасалған. Ұлттық жоба аясында алдағы уақытта Құсмұрын ауылы мен Рудный шаһарында білім ошақтары ашылады.

ДАНАГҮЛ СҮЙІНДІКОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Келешек мектептері» жобасы бойынша салынған мектептерде өзінің құрылысында мынадай бір момент ескерілген.Бастауышқа, орта буынға және жоғарғы сыныпқа кіреберіс бөлек, яғни балалар араласпайды. Асхана, спорт зал, хореография залы яғни жалпы айтқан кезде балаларға осы мектептерде сапалы білім алуға жағдай жасалған толығымен.