«Таза Қазақстан» акциясы аясында Астанада «Сәтті сәрсенбі» атты спорттық шара өтті. Балалар топтарға бөлініп, спорттық ойындар ойнап, экология мен тазалықты насихаттады. Ең көп қоқыс жинаған топҚа арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл шара балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да үлкен үлес қоспақ.
ӘЛИЯ АБСЕМЕТОВА, НҰРА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгін 14 команда жиналды. Көріп тұрсыз, қызығушылық өте көп. Балалар қызығушылықпен қазір ойнайын деп жатыр. Приздар болады. Көңілді уақытын өткізеді. Енді сәрсенбілеріміз сәтті өтсін!