$518.81 €596.27 ₽6.63
×

Алматыда колледж студенттері арасында қалалық «Чемпиондар» спартакиадасы өтті

28.05.2025ж. 20:00
188
Алматыда колледж студенттері арасында қалалық «Чемпиондар» спартакиадасы өтті

«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай Алматы қаласы әкімдігі мен Спорт басқармасы спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің студенттері арасында «Чемпиондар» спартакиадасын ұйымдастырды. Іс-шараға 200-ден астам студент қатысып, жеңіл атлетиканың түрлі бағыттары бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Бұл бастама — техникалық және кәсіптік білім алып жатқан жастарды салауатты өмір салтына баулып, олардың қоғамдағы беделін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Спартакиада барысында колледждің шығармашылық ұжымдары да өнерлерін ортаға салып, көрермендердің көңілінен шықты.

НҰРҒАЛИ ИГЕШ, КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ:

Мен негізі автоэлектрик мамандығында оқимын. Өзім арнайы спортпен қатыспасамда әрбір бала спортпен айналысу керек. Өйткені спорт әрбір адамның денсаулығына пайдалы. Спорт денсаулық кепілі деп бекерден бекер айтпайды.