Елімізде елуге жуық кәсіпорын автоматтандырылған экологиялық бақылау жүйесін орнату керек. Бірақ әлі күнге дейін қондыра алмай отырған мекемелер бар. Алпауыт кәсіпорындар экологиялық кодекс талабын неге орындамай отыр? Мәселенің мәнісін тілшіміз Заңғар Санай анықтап көрді.
2022 жылғы Экологиялық кодекске енгізілген өзгеріске сәйкес, кәсіпорындар автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнатуға міндетті. Тобыл өңіріндегі 4 кәсіпорынның үшеуінде ауаға таралатын қалдықтарды есептейтін құрал бар.
ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:
Экология департаментінің мәліметінше Қостанай жылыту –энергетика компаниясы сәуір айының соңына дейін құрылғы қондыру керек еді. Алайда мекеменің баспасөз қызметі бұл бағытта ешқандай жұмыс басталмағанын хабарлады.
Экологиялық кодекске сәйкес өкілетті органдар заң талабын орындамай отырған кәсіпорын жұмысын тоқтатуға құзіреті бар.
ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Әртүрлі обьективті себептер бар. Себебі тарифке әсер етуі мүмкін. Көбінесе мына энергетика саласында кенже қалып жатыр. Біраз кәсіпорындар үлгеріп қойған.Өздерінің ақпараттарын қазір пилоттық режимже экология министрлігіне шығарып отыр.Бірақ енді бұлар негізінде барлығы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейні қоюуы керек еді. Заңға сәйкес. Енді бұл тарапта экология министрлігі өздері тиісті шешімдер қабылдау керек.Құзіретті орган солар.
Департамент дерегіне жүгінсек Рудный, Лисаков, Жітіқара аумағындағы кен байыту өндірісіндегі өлшегіш құралдар ауаға таралатын қалдықтар туралы ақпаратты ұлттық мәліметтер базасына автоматты түрде жіберіп отырады.
ЗИЯДА БИСАҚАЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Сол автоматты түрде көрсетілген күні бақылап отырамыз.Егерде қандай бір көрсеткіш асып кетсе, осы заңы бойынша мекемеге немесе кәсіпорынға тексеріс ашуға құқымыз бар. Қазіргі уақытта әлі де біз өткен жылы жаңағы 3 кәсіпорын орнатылған мәліметтері бойынша заттектерінің асқаны туралы мәліметтер жоқ.
Онлайн-мониторинг газдың физикалық параметрлерін және олардың химиялық құрамын анықтайды.Бұл жүйе экологиялық тиімділікті арттыру үшін жасалған игі қадам дейді, сарапшылар.
НАУРЫЗБЕК БІРМАҒАМБЕТОВ, ЭКОСАРАПШЫ:
Бұл- өте тиімді жүйе.Бұған дейін мәліметтерге қол жеткізу қиын болды.Бәлкім кәсіпорын көрсеткіштері нақты берілмей келген шығар. Енді осы жүйе енгізілгелі ондай келеңсіздікке жол жоқ.Ақпарат ашық.Барлық ірі кәсіпорындарға, одан кейін орта және шағын кәсіпорындарға да осындай жүйе орнатылса жақсы болар еді.
Құны қымбат құрылғы техногенді жағдайдың алдын алуға мүмкіндік береді.Оның сыртында сарқынды суларды тазарту тиімділігін арттыруға жол ашпақ.