$509.26 €574.75 ₽6.46
×

"Төрт адам қаза тапты". Алматы облысында КАМАЗ-дан тіркемесі ажырап кетіп, жаппай жол апаты болды

AstanaTV
28.05.2025ж. 23:58
139
"Төрт адам қаза тапты". Алматы облысында КАМАЗ-дан тіркемесі ажырап кетіп, жаппай жол апаты болды

Алматы облысында жаппай жол апаты болды. Жүріп келе жатқан жүк көлігінен ажырап кеткен тіркеме төрт адамның өліміне әкеліп соқтырған жантүршігерлік жол апатына түрткі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы ПД хабарлағандай, қайғылы оқиға Алматы – Бішкек тас жолының 44 шақырымында болған.

"28 мамырда сағат 18:00 шамасында Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны тізгіндеген КАМАЗ маркалы жүк көлігінің тіркемесі ажырап, осылайша өз бетімен қозғалған ол жолдың қарсы бағытына шығып, Geely автокөлігімен соқтығысқан. Ал соңғысы бар инерциясымен ұшып KIA Sportage көлігін түйіп кеткені алдын ала анықталды", - деп түсіндірді жағдайды облыстық ПД Zakon.kz сайтына.

Қайғылы оқиға салдарынан оқиға орнында төрт адам қаза тапты, оның ішінде Geely жүргізушісі де бар. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.