$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Шымкентте полицейлер жүргізушіден есірткі тәркіледі

AstanaTV
29.05.2025ж. 16:03
81
Шымкентте полицейлер жүргізушіден есірткі тәркіледі

Полиция қызметкерлері 250 грамм синтетикалық есірткі тасымалдаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыруды жалғастыруда. Халықаралық "Канал" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісін анықтады.

Шымкент қаласында тоқтатылған автокөлікті тексеру барысында жүргізушіден а-PVP есірткі заты салынған орамдар табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 250 грамм. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.