$517.45 €598.59 ₽6.58
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсені қабылдады

AstanaTV
29.05.2025ж. 18:18
91
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсені қабылдады

Мемлекет басшысы Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсемен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесуде Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланды. 


Президент еліміздің еуропалық ұйыммен өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстан құруға бағытталған саяси реформалардың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы мәлімет берді. 

Ален Берсе Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен өзара қарым-қатынас жасауға әзірлігін жеткізді.