$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Алаяқтық жолмен алынған несиелер кешіріледі

29.05.2025ж. 20:00
189
Алаяқтық жолмен алынған несиелер кешіріледі

Енді алаяқтардың құрығына ілініп банкке берешек болып қалғандардың қарызы кешіріледі. Бүгін Сенатта азаматтарға несие беру кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулер қаралды. Қолданыстағы норма бойынша мұндай несиелер тек сот шешімімен есептен шығарылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, егер қарыз алушының қаржы ұйымдарына баруы, өз еркімен келісім беруі секілді шарттар орындалмағаны дәлелденсе, берешегі сотқа жетпей-ақ кешіріледі. Бірақ, кредитін төлеп жүрген немесе толығымен өтеп қойған азаматтардың ақшасы қайтарылмайды.

ОЛЖАС ҚИЗАТОВ, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Егер несие толық өтелсе, оны есептен шығару мүмкін емес. Ал мұндай жағдайда қаражатты қайтару бойынша заңнамада арнайы норма қарастырылмаған. Егер адам әлі де төлеп жатқан болса және алаяқтық расталып, тиісті қаулы болса, онда несие есептен шығарылады.