Ақтөбеде « Салауатты ұрпақ –ұлт байлығы» атты III Халықаралық форумы өтті. Онда «Жахандық өзгерістер дәуіріндегі жастар: сын қатерлер мен мүмкіндіктер» мәселесі талқыланды. Форум Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы аясында ұйымдастырылған. Форумда жастардың психологиялық саулығы, жастар арасында түрлі тәуелділіктің алдын алу, цифрлық қауіпсіздік пен кибермәдениет, қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Әзірбайжан, Өзбекстан, Ұлыбритания елдері сарапшылары мен отандық мамандар баяндама жасады.
ШОЛПАН КАРИНОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
"AMANAT" партиясы ең үлкен ірі саяси партия ретіңде бүгінгі күні "Жастар рухы" жастар қанатының жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл жерде ең басым жұмыстар осы жастар қанатында екенін айтқым келеді. Жастар барлық өңірлерде өздерінің өкілдері бар сол арқылы барлық өңірлік қажеттіліктерде жұмыс істеп жатыр. «Жас сарбаз» отансүйгіштік патриоттық сезімге баулитын жобы. Жастарға жұмыс жобасы аясында 150 мыңға дейінгі жасқа жұмыс орны қамтылды осыған дейінгі аралықта.
НАРҚОЗЫ ҚАРТЖАН, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨУ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ:
Жастар қазіргі таңдағы мына қаржылық тәуекелдері тәуелділіктері сонымен қатар психологиялық интернет тәуелділік өте белең алған. Соның шешу жолдарын ұсынатын боламыз және шешу жолдарындағы кездесетін мәселелер мен ұсыныстарды осы алаңда талқылайтын болады.