$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Балаларды заңсыз әрекетке тартқан 11 интернет-ресурс бұғатталды

29.05.2025ж. 20:00
103
Балаларды заңсыз әрекетке тартқан 11 интернет-ресурс бұғатталды

Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу дерегі артты. Жыл басынан бері 200-ге жуық бала суицидке барған. Психологтар бұған бірнеше фактор әсер етуі мүмкін дейді. Жалындап өсіп келе жатқан жеткіншектер өлім туралы неге ерте ойлайды? Елде қайғылы оқиғаны азайту үшін қандай шара қабылданып жатыр. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Астана. Кешкі серуен. Ерке есілдің бойы. Ақын, журналист Абзал Мақаш жанына досын ертіп таза ауа жұтуға шығады. Көпірге шыққаны сол-ақ екен, суға ұмсынып тұрған адамды көзі шалады. Қолында гүлі бар. Терең ойға шомылғаны сонша жан-жағын байқамайды да. Бірнарсенің дұрыс емес екенін аңғарған Абзал азаматтың жанына барып, сөзге тартады.

АБЗАЛ МАҚАШ, ЖУРНАЛИСТ:

Әлгі кезде қызына хабарласты сол кезде мынадай бір сұрақ қойды, біздің жүрегімізді езіп жіберді. «Қызым сендерге әке керек па?». Сол кезде біз жанымызды шүберекке түйіп тұрдық. Егер «жоқ керек емес» десе, бәлкім әкесінің үміті сол күйі үзіліп кетер ме еді?! Бірақ құдай қалап, қыздың жауабы «Әке не деп тұрсыз, сіз бізге қажетсіз ғой, о не дегеніңіз» деген рәуішті жауап айтты.

Мұндай оқиғамен кез-келген адам бетпе-бет келуі мүмкін. Өйткені күннен-күнге өмірден баз кешіп, өз-өзіне қол салатындар саны көбейіп барады. Мемлекет мәселені шешудің түрлі жолын ұсынып жатыр. Мәселен, былтыр аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында барлық өңірінде психологиялық қолдау орталықтары ашылды.

АНАРГҮЛ ИБРАЙЫМБЕКОВА, ПСИХОЛОГ:

Адамдар суицид туралы ойлары түрлі себептерге болуы мүмкін.Ол адамда жалғыздық сезімі болуы мүмкін, не болмаса бір тығырықтан шығу жолдарын көре алмаған болатын болса, не болмаса терең бір ойға салынған жағдайда адамда осы бір суицидке бару деген сияқты ойлар пайда болуы мүмкін.

Елде 58 мыңнан астам заңсыз интернет-ресурс, оның ішінде балаларды заңсыз әрекеттерге тарту белгілері бар 11 арна бұғатталды.

АЙША ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Бірінші, биологиялық өз адамның жалпы табиғатынан өз-өзін өлтіруге бейімділігі және психотроптық әтрүрлі заттарды қолдануға бейімділі болса, екінші, психологиялық жағдай мынау қоршаған ортаның әрекетерінің әсері қысым соның салдарына өз өзіне қол жұмсауы мүмкін. Үшінші жағдай әлеуметтік - бұл адамның айналысын қарап, соңғы кездері қол салушы көбейіп кетті.

Суицид жасыңды да, жасамысыңды да «жұтып» жатыр. Өлімге өз еркімен иығын беріп, жұрт көзінен сытылып тасаға шыққанның әп-сәтте жұлынын үзетін бұл «ішкі жаудан» жыл сайын әлем бойынша миллионнан аса адам көз жұмады.