$510.81 €578.59 ₽6.51
×

«Таза бейсенбі» акциясы аясында ерекше шара басталды

29.05.2025ж. 20:00
131
«Таза бейсенбі» акциясы аясында ерекше шара басталды

Елордада «AMANAT» партиясының Есіл аудандық филиалы ерекше акцияны бастады. Енді кез-келген қала тұрғыны үйіліп қалған керексіз қағаз, кітаптарды өткізе алады. Оны тиісті кәсіпорын өңдеп ақшасын төлейді. Ол қаражат қайырымдылық акциясына жұмсалады. Ерекше бастама, тамыз айының аяғына дейін жалғаспақ. Партиялықтардың айтуынша, Таза Қазақстан, Таза бейсенбі құр сенбіліктермен шектеліп қалмауы керек.

САНИРА ЖҮСІПОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Макулатураны тамыз айына дейін жинаймыз. Барлық бастауыш партия ұйымдары қатысып жатыр. Ең бірінші бүгін Айкөмек-109, 63-і, 103-і мектептер келіп қатысып жатыр. Барлық жиналған қаражат «Мектепке жол» акциясына жолданатын болады. Барлық Елорда тұрғындарын акцияға қатысуға шақырамыз.

Ал, Жамбыл облысында бүгін «Таза бейсенбі» акциясына бір уақытта 700 адам атсалысқан. 17 тонна қоқыс шығарылды. Жиналғандар қолдарына қап алып, қоқыс жинап жүк көліктеріне тиеді.

ЖӘМИЛӘ САРЫБЕКОВА, “АЛАУ” БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мынау туған өлкемізді тазалықта ұстау, жалпы экологиялық мәдениетті өзімізден, сонымен бірге жастардың арасында қалыптастыру мақсатында өткізліп жатқан акция.