$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Қызылжарда балалар үйінің тәрбиеленушілері өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты

29.05.2025ж. 20:00
112
Қызылжарда балалар үйінің тәрбиеленушілері өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты

Қызылжарда балалар үйінің тәрбиеленушілері өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты. Балаларды қорғау күні қарсаңында төтенше жағдай мамандары ашық есік күнін өткізді. Оқушылар құтқарушылар қызметінің қыр-сырын біліп, арнайы техникалар туралы ақпарат алды. Сала мамандары балалар арасында қызықты ойындар ұйымдастырып, оларға тәттілер сыйлады. Шараға 45 бала қатысты.

АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Төтенше жағдайлар департаменті бүгін облыс орталығының түкпір-түкпірінде балаларға арналған мерекелік іс шараны ұйымдастырып отыр. Барлығы мыңға жуық бала қамтылған. Бұл шараның басты мақсаты - балаларды өрт қаупінен сақтау, өртке қарсы амалдарға үйрету. Сондай-ақ, ашық есік күнінде біз құтқарушылардың ерлігін көрсете отырып, балаларды болашақта осы салаға бет бұруға шақыру.