$510.81 €578.59 ₽6.51
×

"Е-Guides" жүйесінде 380 гид тіркелген

29.05.2025ж. 20:00
118
"Е-Guides" жүйесінде 380 гид тіркелген

"Е-Guides" жүйесінде 380 гид тіркелген. Мамандар мұны туризм саласындағы серпіліс деп бағалап отыр. Дегенмен әлемде туризмнен түсер табыс 9 проценттен асса да, елімізде ақсап тұр. Мысалы, Маңғыстауда бұл саланың бюджеті 1 млрд теңгеге жуықтаса, көш соңында тұрған Оралда 16 миллион теңгеден әрең асады. Сондықтан бұл салада бірізділікті қалыптастырып, гидтердің туристерге ұсынар ақпараты мен меңгертер мәліметін жүйелеу керек дейді мамандар. Яғни, өлкеге турист тарту жұмысы кәсіби деңгейде жолға қойылуы тиіс.

АЙБОЛАТ ҚҰРЫМБАЕВ, "БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ТУРИСТІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫ" ЗТБ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл тізімді жасақтағанда Қазақтуризмнің өзінің нақты бағдарламасы болуы керек. Не себепті жасақтайды? Жасақтаған жағдайда қандай преференция болады ол гидтерге және жергілікті басқарушы органдардың ол гидтерге қандай көмегі тиеді?