$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Мектептегі сыныптастар кездесуіне барған әйелді күйеуі атып тастады

AstanaTV
29.05.2025ж. 22:00
219
Мектептегі сыныптастар кездесуіне барған әйелді күйеуі атып тастады

Ош облысының Өзген ауданында 40 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы Ош облыстық ішкі істер басқармасы хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыс қызғаныш себептерінен орын алған. Олардың айтуынша, күдікті әйелін мектепте бірге оқыған сыныптастарының кездесуіне барғаннан кейін бұрынғы парталасынан қызғанып, соққыға жыққан және оқ атқан.

Ер адам әйелін ұрып-соғып, кейін оған оқ атқан, – деп нақтылады ішкі істер басқармасында.

Ош облысының Өзген аудандық ішкі істер бөліміне 26 мамыр күні Кара-Кульджин ауданында тұратын 1987 жылы туған А. Э. есімді әйелдің жарақат алып, ауруханаға бара жатқан жолда қаза тапқаны туралы хабарлама түскен.