$510.81 €578.59 ₽6.51
×

«2 мың адам шақырам»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойы туралы

AstanaTV
29.05.2025ж. 22:40
132
«2 мың адам шақырам»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойы туралы

Әнші Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің үйлену тойына дайындығын көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі тұңғышын үйлендіріп, жаңаөзендіктермен құда болмақ.

«Біз тойымызға 2 000 адам шақырамыз деп отырмыз. Сенесіз бе? Екі мың адам! Біреуі «келем» дейді, біреуі «көреміз» дейді, біреуі – мүлде үнсіз. Сөйтсек, ең қиын нәрсе – кім нақты келетінін анықтау екен. «Келесің бе, келмейсің бе – бір ауыз айтсаңшы!» деп айтқың келіп кетеді. Осы сәтте түсінгенім: келесі жолы өзім шақырту алсам – бірден жауап берем! Ал сізде қалай болды?! Қонақ тізімін жасағанда қандай қиындыққа тап болдыңыз?!» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, той өткізудегі тәжірибесін бөлісіп жатыр.

«Тойдың болғанынан, боладысы қызық деп бекер айтпаған, оң болсын, құтты болсын!», «Басқа тойды тойламасаң тойлама, Әділеттің үлкен тойы тойлансын!», «Той жасау мәдениетінің біраз тетіктері талқыға шығатын болыпты», «Тойдан 2-3 күн бұрын анық келетін-келмейтінін сұрап біліп аламыз», – деп жазды көпшілік.