$510.81 €578.59 ₽6.51
×

"Әл-Наср" Роналдудың клубтан кететінін жариялауы мүмкін

AstanaTV
29.05.2025ж. 23:26
132
"Әл-Наср" Роналдудың клубтан кететінін жариялауы мүмкін

Криштиану Роналду "Әл-Наср" клубынан кетуі мүмкін деген ақпарат пайда болды. Испанияның Marca басылымы Эр-Рияд клубы бұл жаңалықты жариялау үшін баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Басылымның мәліметінше, клуб барлық деңгейде күтілетін көптеген өзгерістерді жариялайды,-деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Криштиану Роналду мен "Әл-Наср" екі жарым жыл бұрын басталып, cоңында ешқандай титулға әкелмеген саяхатын ресми түрде аяқтауға дайын", - делінген мақалада.

Сондай-ақ Роналду мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін екені жазылған - басылым футболшының осы ел үкіметі алдындағы футболды насихаттау саласындағы кейбір міндеттемелеріне назар аударған.

Трансферлік кезеңнің ашылуы қарсаңында клубта өзгерістер болуы мүмкін екені баса айтылды.

Сондай-ақ бірнеше күн бұрын Роналду X әлеуметтік желісінде жазба жариялап, жанкүйерлерін жақын арада өзінің"Әл-Насрдан" кететіні туралы ойға қалдырды.

"Бұл тарау аяқталды. Тарих? Ол әлі жазылып жатыр. Барлығы үшін рақмет", - деп жазды Криштиану.