$517.45 €598.59 ₽6.58
×

Президент БҰҰ-ның жоғары өкілдерімен кездесті

29.05.2025ж. 20:00
130
Президент БҰҰ-ның жоғары өкілдерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның жоғары өкілдерімен кездесті. Мемлекет басшысының айтуынша, Астана халықаралық форумына БҰҰ-ның беделді өкілдерінің қатысуы сан қырлы әрі сындарлы диалогтың баршаға ортақ екенін көрсетеді. Президент геосаяси тұрақсыздық белең алған кезеңде БҰҰ өзінің әмбебап әрі баламасыз сипатын сақтап, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі бірегей Ұйым ретінде қала беретініне сенім білдірді.