$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Павлодар облысында туыстарын жұмысқа алған мемлекеттік қызметшілер сөгіс алуы мүмкін

AstanaTV
30.05.2025ж. 09:33
113
Павлодар облысында туыстарын жұмысқа алған мемлекеттік қызметшілер сөгіс алуы мүмкін

Олардың іс-әрекеттері Әдеп жөніндегі кеңес отырысында талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен «Мүдделер қақтығысы мен жақын туыстардың бірге қызмет жасауы бөлігіндегі мемлекеттік қызметпен көзделген шектеулерді сақтау бойынша мониторингке қатысты» жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде, Тереңкөл ауданы Октябрь ауылдық округінің әкімі Әлия Мукурова аппаратқа, Баянауыл ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанна Узбаева бөлімге өз жұбайларын жүргізуші ретінде жұмысқа қабылдаған. Ал, Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің әкімі Жанар Уалинованың жұбайының немере әпкесі аппараттың статистигі қызметін атқаратыны белгілі болды.

Әлия Мукурова көрсетілген ауылдық округ әкімінің лауазымында 2022 жылдың 30 мамырынан бастап қызмет атқарады. Өз кезегінде, ол өз ісін екі ай аппаратқа жүргізуші лауазымына адам іздегенін, жалақының аздығына байланысты адам таппағанын алға тартып, 2022 жылдың тамызында өзінің жұбайын жүргізуші лауазымына тағайындағанын мәлім етті.

Жанна Узбаева көрсетілген мемлекеттік мекеменің басшысы лауазымында 2021 жылдың 13 қыркүйегінен бастап қызмет атқарады. Оның жұбайы сегіз ай бөлімде жүргізуші қызметін атқарған. Өз кезегінде, бөлім басшысы тұрақты қызметкер қабылдағанға дейін жүргізуші ретінде жұмыс істеуді жұбайына өтінгенін, өйткені бұл жұмысқа ниет білдірушілер болмағанын алға тартты.

Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің әкімі Жанар Уалиноваға көрсетілген ауылдық округ әкімінің лауазымында 2025 жылдың 21 қаңтарынан бастап қызмет атқарады.

– Басшылықты туыстық байланыс туралы хабарлау қажеттігін білмедім. Алайда, жұбайымның немере әпкесі аппараттың статистигі ретінде 2008 жылдың 14 сәуірінен қызмет атқарып келетінін атап өткім келеді, – деді Жанар Уалинова.

Мемлекеттік қызметкерлер заңғы қайшы әрекеттерін мойындап, алдағы уақытта ұқсас заңбұзушылықтарға жол бермейтіндерін атап өтті.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысының мүшелері бірауыздан қызметкерлерге қатысты қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануға кеңес берді.