Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қазақстан халқы Елорданың 19-шы туған күнін тойлап жатыр

AstanaTV
06.07.2017ж. 20:00
2153
Қазақстан халқы Елорданың 19-шы туған күнін тойлап жатыр

Бүгін Қазақстан халқы Елорданың 19-шы туған күнін тойлап жатыр. Астана - жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бет-бейнесіне айналды. Батыс пен Шығысты жалғастырған алтын көпір атанды. Елордасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Президент шешімі 1997 жылы шықты. Ал күзде арқа төсіне ұлы көш бет алды. Келер жылы Ақмола атауы ресми түрде Астана болып өзгерді. Тәуелсіз мемлекеттің Елордасы осы уақытқа дейін халықаралық маңызды шараларды өткізіп, Қазақстанның әлем алдындағы брендіне айналды. Дәл қазір Астанадағы ЭКСПО көрмесіне дүниежүзінің назары ауып отыр. 

Айбек ҚОСАН