2025 жылдың 27-31 мамыр аралығында Корея Республикасының Гуми қаласында жеңіл атлетикадан ХХVI Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметіне сүйенсек, жарысқа "Астана" олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары да қатысады.
Азия құрлығының мықтылары бас қосатын бұл чемпионатта еліміздің намысын келесі спортшылар қорғайды:
1. Айана Болатбекқызы;
2. Анна Шумило;
3. Александра Залюбовская;
4. Антонина Чернышова;
5. Екатерина Авдеенко.
Командамен бірге жарысқа тәжірибелі жаттықтырушылар барады:
• Е.Ш. Авдеенко;
• А.С. Степанковский.
Жеңіл атлетика – еліміздің спорт саласындағы басты бағыттардың бірі. Ел намысын қорғап жүрген спортшыларға сәттілік тілеймін, - делінген хабарламада.