$510.81 €578.59 ₽6.51
×

«Бүкіл өмірі көз алдынан өтті»: қауіпсіздік белдігін тақпаған полицей желіде қызу талқыланды

AstanaTV
30.05.2025ж. 15:34
96
«Бүкіл өмірі көз алдынан өтті»: қауіпсіздік белдігін тақпаған полицей желіде қызу талқыланды
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Бішкекте полиция (Қырғызстанда ресми атау - милиция) қызметкерінің қауіпсіздік белдігін тақпаған сәттегі реакциясы қызу талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеоны жергілікті блогер Максим Золотых түсірген. Ол Қырғызстан мемлекеттік нөмірі бар көлікте белдіксіз отырған ішкі істер министрлігінің қызметкерін тосқауылдан өткен сәтте видеоға түсіріп алады.

«Мені неге түсіріп отырсыз дейсіз бе? Сіз жол жүру ережесін бұзып отырсыз. Қандай екенін айтайын ба – белдікті тақпапсыз», – дейді блогер.

Алғашында абдырап қалған полиция қызметкерінің көзқарасы мен әрекеті желі қолданушыларының назарына іліккен. Ол қауіпсіздік белдігін тақпағанын естігенде, мойнынан ауыр жүк түскендей, күліп жібереді.

Бейнежазба астына түрлі пікірлер жазылған.

«Бұл жақсы адамды кешірейік. Басқа бір мәселе бойынша түсіріп жатыр деп ойлады-ау. Белдік туралы айтқанда, көңілі жайланып қалды ғой. Бүкіл өмірі көз алдынан өтті-ау. Ойша не бүлдірдім деп бәрін ойлап шыққан шығар. Агрессивті емес, күліп таққаны ұнады», – деп жазды желі қолданушылары.