$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Алакөлге арзан әуе рейстері ашылады

AstanaTV
30.05.2025ж. 15:54
214
Алакөлге арзан әуе рейстері ашылады
Фото: istockphoto

1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Алакөлге жақын орналасқан Үшарал қаласына субсидияланатын рейстерді орындай бастайды, – деп хабарлайды AIkyn.kz.

Астана мен Үшарал, сондай-ақ Алматы мен Үшарал арасында аптасына 7 рейс орындалады. Бір бағыттағы билет құны – 20 мың теңге.

Сонымен қатар 2025 жылдың 1 маусымынан бастап SCAT әуекомпаниясы Астана мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 7 рейс орындайды. Бұл әуе рейстері де субсидияланады, билеттер қолжетімді бағамен онлайн сатылымға шықты.