Атақты актер Джеки Чан каратэден қара белбеу иегері атанды. Қара белбеуді тапсыру рәсімі Нью-Йоркте (АҚШ) "Karate Kid: Legends" фильмінің премьерасы кезінде өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Джеки Чаннан бөлек, мұндай белбеу осы фильмге түскен тағы бір актер Ральф Маччиоға да табыс етілді. Қара белбеуді Дүниежүзілік каратэ федерациясының (WKF) бас хатшысы Тошихиса Нагура салтанатты жағдайда табыс етті.
"Каратэ бүкіл әлем бойынша поп-мәдениет пен қауымдастықтар арасында кең танымал. Ол бүкіл әлемдегі адамдарға белгілі жаһандық бренд. Каратэнің таңғажайып құндылықтарын "Karate Kid" фильмінен артық бере алғандар кемде-кем", – деп мәлімдеді Дүниежүзілік каратэ федерациясының президенті Антонио Эспинос.