$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Маусымның басында ауа райы қандай болады

AstanaTV
30.05.2025ж. 18:16
80
Маусымның басында ауа райы қандай болады
Фото: ©Pixabay.com

«Қазгидромет» синоптиктері 31 мамыр мен 2 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады: жаңбыр мен найзағай, екпінді жел, күндізгі уақытта бұршақ күтіледі. 1 маусым күндіз еліміздің оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында, 2 маусымда батысында, оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.

Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Батысында, солтүстік-батысынд аптап ыстықтың беті қайтады. ҚР қалған аумағында ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтілуде, күндіз еліміздің орталығында, оңтүстігінде 35-40 градус қатты ыстық болады деп болжануда.