Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанада өтіп жатқан «Art Fest» фестивалі жаңа экспозициялармен толықты

AstanaTV
06.07.2017ж. 20:00
2753
Астанада өтіп жатқан «Art Fest» фестивалі жаңа экспозициялармен толықты

Астанада өтіп жатқан Art Fest фестивалі қала күніне орай жаңа экспозициялармен толықты. Олар Nomad 2.0 павильоны, Fashion және өнеркәсіптік дизайн павильондары. Көрме алаңы Елорда тұрғындары мен қонақтарын үш күн бойы қуантпақФестиваль тақырыбы - Nomad energy, келушілер Нео-Номад, яғни жаңа үлгідегі заманауи көшпендіні көре алады. Бұл тақырыптың дизайнерлерге ұнағаны сонша, олардан 170-ке жуық өтініш түскен. Арасында Франция, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания суретшілері бар.

Аида Әділбекова, фестивальдің арт жетекшісі:

Бүгінгі таңда барлық адамдар көшпенді бола алады. Олар тек қана ұялы телефонын алып, әр елге, әр жерге барып жаңа нәрселерді көруге, тануға болады. Сондықтан біз ол адамның қоршаған ортасын қалай өзгертеді, қоршаған ортаға қалай әсер етеді және қоршаған орта оған қалай әсер етеді, деген сұрақтарға жауап іздеуге тырыстық.

Нео-номад тақырыбы миграция проблемасымен ұштасып жатыр. Франциядан келген дизайнер Ламин мұны лашық үй арқылы көрсетті. Жарқ-жұрқ еткен зәулім ғимаратта тұрсақ та, қайдан шыққанымызды ұмытпайық, бір-бірімізге ашылайық, сеніммен қарайық дейді.

Ламин М, дизайнер, Франция:

Бұл номадтың, яғни көшпенділердің жылжымалы үйі. Бірақ ол қазір мигранттардың да үйіне айналды. Бұрынғы номадтың тұрағы - қазір мигранттардың баспанасы. Өйткені мигранттар проблемасы дүние жүзінде өте өзекті. Біздің көшіп-қонуымыз өмір бойы жалғасады. Тек осы жолда кім екенімізді ұмытып кетпесек болды.