Израиль АҚШ-тың ұсынысына құлақ асты. Газа секторында 60 күнге оқ атуды тоқтатуға келісті. Ол үшін ХАМАС бірқатар шартты орындауы тиіс. Ал АҚШ болса қытайлық студенттерден бас тартпақ. Вашингтон Мұхиттың ар жағында білім алып жатқан жастардың студенттік визасын алып тастайтынын мәлімдеді. Бұған Қытай не дейді? Толығырақ Мөлдір Жақан «Жер-жаһан» айдарында айтады.
Қайырлы кеш, көрермен! Эфирде - "Жер-жаһан" айдары. Әлемнің соңғы жаңалықтарын мен Мөлдір Жақан баяндаймын.
Израиль мен Газа секторы ақыры бейбіт келісімге келді. Израиль оқ атуды тоқтату туралы АҚШ-тың ұсынысын қабылдады. Әзірге тек 60 күнге. Ал ХАМАС 10 израиль тұтқынын босатып, қаза тапқан 18 адамның мәйітін беруі тиіс. Осы аралықта тараптар бейбіт бітімнің мерзімін ұзарту жөнінде келіссөзге келуі керек. Израиль де мыңнан астам палестиналықты қамаудан босатып, Газа секторындағы барлық ұрыс қимылдарын тоқтатуға міндеттеледі.
Ал Вашингтон қытайлық студенттерге шүйлікті. Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Қытай коммунистік партиясымен байланысы бар азаматтардың студенттік визасы жойылатынын айтты. Бейжің АҚШ-тың бұл әрекетіне наразылық білдірді. Қытайдың билік өкілдері мұндай саясаттандырылған және кемсітушілік әрекеттер АҚШ-тың еркіндік пен ашықтықты жақтайтыны туралы өтірігін әшкерелегенін айтты. Сондай-ақ енді АҚШ Қытай мен Гонконгтан келетін барлық өтініштерді мұқият тексеру үшін виза беру критерийлерін қайта қарауды көздеп отыр. Мұны естіген қытайлық білім алушылар не істерін білмей дал.
ДЭН ЧЖИФЭЙ, СТУДЕНТ:
Шетелдік студенттерден АҚШ-та оқу мүмкіндігін тартып алып жатқандары дұрыс емес. Өйткені шетелдік студенттер мемлекеттер арасындағы мәдениет алмасуға ықпал етеді.
Трамптың сауда саясаты қайта жанданды. АҚШ-тың федералды апелляциялық соты. Ақ үй басшысының шетелдік импортқа енгізген кедендік баж салығын қайта қалпына келтірді. Аталған салық бұған дейін Халықаралық сауда жөніндегі сот шешімімен заңсыз деп танылып, тоқтатылған болатын.
Мендегі ақпарат осы. Аман-сау болыңыздар!