Астана қаласында жатақхана бөлмесіне терезе арқылы кіріп, ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Қылмыс туралы хабар кеше тіркеліп, дереу жедел-іздестіру шаралары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 43 жастағы азаматтың қылмысқа қатысы барын анықтады. Ол кінәсін толық мойындап отыр.
Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті түнгі уақытта Оқжетпес көшесі бойымен жүріп келе жатып, жеке сектордағы бір үйдің терезесіндегі ашық форточканы байқайды. Жатақханаға жасырын кіріп, бөлменің есігі ашық тұрғанын пайдаланып, тұрғындар ұйықтап жатқан кезде ішке еніп, Samsung V-156 ұялы телефоны мен банк картасын ұрлап кеткен.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған заттар табылып, иесіне қайтарылды.
Полиция азаматтарды жеке мүліктеріне мұқият болуға шақырады.