Аутизмді Қытай дәстүрлі медицинасымен емдеуге болады. Дамуында ерекшелігі бар балалар үшін Астанада орталық ашылды. Мұнда неврологиялық ауруға ұшырағандар ем ала алады. Негізі бұл мекеме 2023 жылдан бастап пациенттерді қабылдайды. Содан бері 30 мыңнан аса науқасты аяққа тұрғызған. Көмекті білікті дәрігерлер, соның ішінде Қытайдан келген мамандар көрсетеді.
САРА ЖАМАЛИЕВА, МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДӘРІГЕРІ:
Қытай дәрігерлерімен, Қазақстанда бітірген, Қазақстаннан Қытайға барып келген дәрігерлермен бірлесіп жұмыс істейміз. Бас миы ауруының әртүрлі диагноздары бойынша ем жасалады. Ол, мысалы, аутизм, ЗПРР, ЗРР, ДЦП сияқты әртүрлі ауруларды емдейміз.