$517.45 €598.59 ₽6.58
×

Астанада әлеуметтік-маңызды фотожобаның таныстырылымы өтті

AstanaTV
30.05.2025ж. 20:00
102
Астанада әлеуметтік-маңызды фотожобаның таныстырылымы өтті

Астанада «GASYR» атты әлеуметтік-маңызды фотожобаның таныстырылымы өтті. Іс-шара қоғамдағы ұрпақтар сабақтастығы мен этностар арасындағы бірлікті көркем тілмен жеткізуді мақсат еткен.Көрмеде елдің сан алуандығы мен тұтастығын бейнелейтін 100 кейіпкердің портреті ұсынылды. Олардың қатарында 18 этнос өкілі, 60 мамандық иесі, 30 еңбек адамы, 50 ер мен 50 әйел бар. Көрермен жобаның авторы Оспан Алидің көркемдік шеберлігіне және детальдарға деген мұқият көзқарасына жоғары баға берді. Сонымен қатар, көрме аясында ұсынылған қолөнер туындылары да көпшіліктің ықыласына бөленді.

ЛЕЙЛА МАХАТ, ҚР ЗАМАНАУИ ӨНЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ГАЛЕРЕЯЛАР ЖЕЛІСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

Біз бұл жобаны жүзеге асыруға бір жыл уақыт жұмсадық. Әр қаладан қолөнер шеберлерін, суретшілер мен фотосуретшілерді табу оңай болған жоқ. Бірақ осы көрмеге өз ісіне шын берілген, өнерді сүйетін талантты адамдар жиналды.

ОСПАН АЛИ. ФОТОШЕБЕР, ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫҢ АВТОРЫ:

Жүз адамның бұл жерде портреті қойылса, негізі екі жүзден астам адаммен жұмыс істеп, олардың өмірлік тәжірибесімен сөйлесе отыра балақайлардан екіндік көресің. Жасөспірімдерден армандарына деген ұмтылыс көресің. Кей жағдайда кейбір адамдардан қуыс кеудені де сезінесің