$517.45 €598.59 ₽6.58
×

Астанада Жақсылық Мұқановтың 80 жылдығына арналған өнер байқауы өтті

AstanaTV
30.05.2025ж. 20:00
112
Астанада Жақсылық Мұқановтың 80 жылдығына арналған өнер байқауы өтті

Астанада композитор, күйші, ұстаз Жақсылық Мұқановтың 80 жылдығына арналған І аймақтық өнер байқауы өтті. Байқауға аймақтан 70-ке жуық өнерпаз қатысып, дәстүрлі ән, аспаптық орындау және ансамбль жанрларында бақ сынады. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ЖАНАР ҚАЛИЕВА, №1 БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Дарынды балаларды дамыту және қолдау мақсатында ансамбльдер аспаптық және дәстүрлі ән айту бойынша өткізіледі. Жақсылық Мұқановтың атындағы бірінші аймақтық байқау өткізіп жатырмыз.

ҚАРЛЫҒАШ МҰҚАНОВА, ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Мұқановтың жұбайымын, 35 жыл бірге тұрдық 3 бала өсірдік, ортасында музыкант та бар. Өзінің балаларынан көрі, біреудің балаларын оқытатын ол кісі, тәрбиелеп. Міне қазір жалғасы бар.Оқушылары бүгінде бәрі профессорлар солардың шәкірттері міне 3-деңгейге келіп жатыр.