Алматыда балаларға арналған «Алтын адам» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Премьера халықаралық балаларды қорғау күнімен арнайы ұштастырылған. Бұл туынды Аңқыл есімді бас кейіпкердің атадан мұра боп қалған алтын сауытқа қол жеткізу жолындағы батыл күресі жайында таспаланған. Персонаж жас балақайларға өжеттігімен әрі қаһарманға сай даналығымен үлгі болады. Анимациялық шығармада сақ дәуірінің мәдениеті, сарбаздардың жауынгерлік өнері мен тұрмыс-тіршілігі көрсетілген. Бас кейіпкер мәңгілік отты табу үшін түрлі шытырманға жолығып, зұлымдармен де біраз алысады. «Біз балаларға сапалы контент жасауға барынша тырыстық»-дейді фильм режиссеры.
ТҰРДЫБЕК МАЙДАН. «АЛТЫН АДАМ» АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМІНІҢ РЕЖИССЕРІ:
Толықметрлі анимациялық фильмі, жасалып шығуы қиын болды. Өйткені бұл уақыт 5 жылға созылды. 5 жыл уақытта біз 382 күн ғана жұмыс жасаппыз. «Алтын адам» фильмін шығарудағы басты мақсатымыз енді біздегі алтын сауыт бүкіл әлемге сақ дәуірінен қалған бізге жәдігер, алтын сауыт. Соны балаларға таныстыру, көрсету.