Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «AMANAT» партиясының Алматы облысы Іле аудандық филиалы «Бақытты отбасы» жобасы аясында ерекше мерекелік шара өткізді.
Жылы жүзді жүздесу, қуаныш пен қамқорлыққа толы бұл күн балаларға қуаныш сыйлап, олардың өміріне мейірім нұрын себуді мақсат етті. Іс-шара облыстық №1 балалар үйінде ұйымдастырылды. Бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар, тәттілер мен балмұздақтар үлестірілді. Бұл игі бастамаға аудан кәсіпкерлері мен жеке сот орындаушылар да атсалысып, бүлдіршіндерге ерекше тарту жасады.
ТИМУР ҚАПАНОВ, ЖЕКЕ АҒА СОТ ОРЫНДАУШЫСЫ:
Балаларымызға кішігірім сыйлығымыз бар, жеміс жидегіміз бар. Мұндай шаралар бізде Іле ауданында емес, жалпы Алматы облысының жеке сот орындаушыларымен жыл сайын ұйымдастырылады. Тек қана 1-ші маусымда емес, ол жаңа жылда болады. Әр мейрамдарда осындай жағдайы төмен отбасыларға көмектесіп тұрамыз. Азық түліктермен ойыншықтармен. Тағы басқа қаржылай да көмектер болып жатады.