Қызылорда облысы Шиелі ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашық аспан астында мерекелік шара өтті. Онда кішкентай суретшілер қылқаламмен, бормен түрлі тақырыптарда сурет салды. Шахмат ойнап, асық атты. Жас өнерпаздар ән айтып, би биледі. Түрлі ертегі кейіпкерлерімен кешті көңілді өткізді. «Бақытты балалық шақ» атты шара «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының бастамасымен ұйымдастырылды.
НҰРГҮЛ ШӘЛЕКЕЕВА, «АТАМЕКЕН» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:
Бала өміріміздің болашағы ғой біздің. Сол үшін әр баланың бақытты болғаны жақсы. Әлемді баланың күлкісі қуантады. Ата-ананың жүрегіне махаббатты ұялататын да бала. Бүгінгідей мерекені сезіну арқылы бала өзінің әлемге, Қазақстанның болашағына керек екенін сезінсе, соның өзі үлкен жетістік деп білемін.