Астанада ат спортынан халықаралық жарыс өтуде. Үш күнге созылатын ауқымды сайыста Армения, Грузия, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның құрамасы бақ сынап жатыр. 60-қа жуық спортшы өзара сынға түсуде. Жеңімпаздар Әлем кубогына жолдама алады. Бір-бірінен оқ бойы озық тұрған командалар жарыстың алғашқы күнінде-ақ шеберліктерін танытты. Олар сәйгүлікпен мәнерлеп жүріп, кедергіден секіріп өтуде. Байрақты бәсекенің жүлде қоры 24 мың доллар. Мұндай жарыс елордада соңғы рет 10 жыл бұрын ұйымдастырылған. Байрақты бәсекенің Астанада өтуі отандық спортшыларға халықаралық аренада өздерін танытуға мүмкіндік береді, дейді қатысушылар.
ШЫҢҒЫС МАЛИКАЖДАР, КОНКУРДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МҮШЕСІ:
Бұл жарыс бүз үшін өте маңызды. Себебі, әлемдік деңгейге шығатын бірден-бір турнир. Көп жылдар бойы өткен жоқ мұндай жарыс. Сондықтанда біз барымызды саламыз. Жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз.